2-қадам. Орнату түрі таңдау

Орнату түрін таңдау терезесінде Стандартты түрін көрсетіңіз.

Kaspersky Security Center бағдарламасымен танысқыңыз келсе, мысалы, оның жұмысын ұйымыңыздың желісінің шағын бөлігінде сынағыңыз келсе, стандартты орнату тәсілі ұсынылады. Стандартты орнату кезінде сіз тек дерекқор параметрлерін конфигурациялайсыз. Басқару серверінің параметрлері конфигурацияланбайды, олар үшін әдепкі бойынша белгіленген мәндер қолданылады. Стандартты орнату сізге орнатылатын басқару плагиндерін таңдауға мүмкіндік бермейді, әдепкі бойынша белгіленген плагиндер жиынтығы орнатылады. Стандартты орнату кезінде ұялы құрылғыларға арналған орнату пакеттері жасалмайды. Оларды кейінірек Басқару консолінде жасауға болады.

Басына оралу